02 маусым 2018 14:26

Швецияда белгісіз біреулер екі миллион араны ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Игорь Подгорный © РИА Новости/Игорь Подгорный

Швецияда белгісіз біреулер екі миллион араны ұрлап кетті, деп хабарлады life.ru.


Швецияда белгісіз біреулер екі миллион араны ұрлап кетті, деп хабарлады life.ru.

Порталдың мәліметінше, ұрылар ара балауызы мен мың литрден астам балды қолды қылған.

"Швецияның оңтүстігінде белгісіз біреулер екі ферманы тонап, елуге жуық ара ұясын алып кеткен. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, оқиға Эслёв қаласына жақын маңда болған. Ұрылар ұядан бөлек, балауызды және мың литрден аса балды ұрлаған", - делінген жарияланымда.

Ферманың иесі Патрик Нильсен ұрылардың түскенін байқаған сәтте көршісіне қоңырау шалған, ол да тоналғанын айтыпты.

Айта кетейік, қазіргі таңда полиция тергеуді бастады. Алайда күдіктілер жоқ.

Порталдың мәліметтері бойынша, Сконе облысында жыл сайын жергілікті омарташылардан 50-ден 100-ге дейін ара ұясы ұрланатын көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети