Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Швецияда мектепке қылышпен шабуылдаған ер адам ұлтшылдық идеясын ұстанған

23 Қазан 2015, 09:48
0

Швецияда мектепке шабуыл жасаған 21 жастағы жігіт ұлтшылдық идеяларымен әуестенген, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Оның экстремистер құқығына тілектестік білдіріп, Адольф Гитлер мен Германия ұлтшылдығын дәріптеген әлеуметтік желілердегі парақшаларға жиі кіріп отырғаны анықталды, сонымен қатар, ол елге босқындардың келуін тоқтату жөніндегі қозғалысқа қолдау көрсеткен.

Таныстары оның тұйық мінезді, бірақ тартымды жігіт екенін айтып отыр. Оның отбасы болған жағдайды естіп таңғалды. Полиция жігіт шабуыл жасаған мектеп оқушыларының 90 пайызы босқындардың балаларынан тұруы мүмкін деген нұсқаны зерттеп жатыр. Полиция жігіттің үйін тінтіп шықты.

Еске сала кетейік, 22 қазанда бетіне бетперде киген жігіт қолына қылышқа ұқсас затпен қаруланып, мектептің дәмханасына кірді, сөйтіп төрт адамды жаралады олар - екі ересек адам мен 12 және 15 жастағы ұлдар. Ересектердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Кейін бір оқушы ауруханада қайтыс болды. Ал шабуыл жасаған жігіт оқ тиіп, қаза тапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай