17 ақпан 2014 | 13:01

Швейцария аспанында ұшақты қарақшылар басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аirlinereporter.com ©Аirlinereporter.com

Эфиопиядан Италия астанасын бетке алған жолаушылар ұшағын Швейцария аспанында пираттар басып алды деп хабарлайды "РИА Новости". Алдын ала мәлімет бойынша, Ethiopian Airlines әуе компаниясының Аддис-Абеба - Рим бағытындағы жолаушылар ұшағының экипажы ұшақтың басып алынғаны туралы дабыл қаққан. Ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ. "Лайнер бортында штаттан тыс жағдай болды" , - деп хабарлайды Женева әуежайының пресс-атташесі. Аirlinereporter порталының мәліметінше, ұшақ Женева әуежайына оқыс қонған. Әуе кемесін пираттар басып алғанға ұқсайды. Лайнер қонар сәтте оның маңына Швейцарияның әскери ұшақтары шығарылған. Еске сала кетейік, Сочи Олимпиадасының ашылуы болатын күні Түркияның Pegasus Airlines компаниясының Харьков - Ыстамбұл бағытындағы ұшағына отырған Украина азаматы экипажға сес көрсетіп, әуе көлігін Сочиге бұруды талап еткен болатын. Ыстамбұлда ер адам полицияға өз еркімен берілді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети