24 сәуір 2022 09:44

Шығу тегі белгісіз гепатит 12 елдегі балалардан анықталды - ДДСҰ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ru.depositphotos.com Фото: ru.depositphotos.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемнің 12 елінде балаларда шығу тегі белгісіз гепатиттің 169 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемнің 12 елінде балаларда шығу тегі белгісіз гепатиттің 169 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Балалардағы гепатиттің жалпы санының 114-і Ұлыбританияда, 13-і Испанияда, 12-сі Израильде, 9-ы АҚШ-та, 6-ы Данияда тіркелген. Ирландияда 5 жағдайдан аз, Италия мен Нидерландыда 4, Норвегия мен Францияда 2, Румыния мен Бельгияда 1 жағдай анықталған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, науқастардың жасы 1 айдан 16 жасқа дейін. Олардың шамамен он пайызына бауыр трансплантациясы қажет болған. Бір адам қайтыс болғаны анықталған.

Ұйым өкілі бұл деректердің ешқайсысында А, В, С, Е және Д гепатитінің вирустары табылмағанын айтты. 74 жағдайда аденовирус анықталған, 18 адамда молекула тесті кезінде F тобының аденовирусы анықталған (41 түрі).

"Тест тапсырғандар арасында SARS-CoV-2 бойынша 20 жағдай анықталды. Сонымен қатар, 19 адамнан SARS-CoV-2 және аденовирус коинфекциясы табылды", - деді ұйым өкілі.

ДДСҰ мәліметінше, аденовирустың және басқа да инфекциялардың алдын-алу шараларына қолды үнемі жуу және тыныс алу гигиенасы жатады. Ұйым ДДСҰ-ға мүше елдерге балалардағы жедел гепатит жағдайларын зерттеп, олар туралы хабарлауға кеңес берді. Бұл ретте ДДСҰ Ұлыбританияға немесе ауру жұқтыру дерегі анықталған кез келген басқа елге сапарға, саудаға шектеулер енгізуді ұсынған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети