17 шілде 2018 11:12

"Шыңыраудың шегі". Трамп пен Путин Хельсинкидегі кездесуден кейін не деді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин мен америкалық көшбасшы Дональд Трамп Хельсинкиде келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша, президенттер екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі екендерін айтты, деп хабарлады РИА Новости


Ресей президенті Владимир Путин мен америкалық көшбасшы Дональд Трамп Хельсинкиде келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша, президенттер екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі екендерін айтты, деп хабарлады РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Хельсинкидегі саммитке дейін АҚШ пен Ресей арасындағы қатынастың текетірестерге байланысты шыңыраудың шетінде тұрғанын айтты.

"Бүгінгі кездесуден кейін Ресеймен біздің арамызда бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Бірақ бүгінге дейін барлығы адам шошырлық халде еді. Айтайын дегенім, адам шошитындай қауіпті болатын. Бүгін қаншалықты жемісті болса, бүгінге дейін соншалықты сұмдық болды. Ядролық екі державаның арасында шынымен де үлкен проблемалар болды. Адам шошырлық проблемалар. Ядролық күштердің 90 пайызы осы екі елде. Бізді бөліп тұрған мыстандарды аулауға кіріскен едік", - деді Трамп.

"Ол да (Путин) маған осыны айтты. Не деген сұмдық. Ол менімен келіссөзге келу өте қиын болады деп ойлапты", - деді Трамп.

Өз кезегінде Владимир Путин кездесу кезінде көп нәрсенің жақсы жаққа қарай өзгергенін айтты.

"Бұл жақсы старт", - деді Путин.

Диалог кезінде Ресей мен АҚШ президенттері елдер арасында алауыздық тудырған өткір мәселелерді талқылады.

"Бұл бір жақсы кездесу болды, біз көптеген дүниені талқыға салдық, оның арасында ядролық бөлініс, соғыс пен бейбітшілік, экономика, Сирия, Украина мәселелері болды. Біз өте көп нәрсе туралы сөйлестік", - деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар, президент Иранмен ядролық келісімді сақтау мүмкіндігі туралы сөз қозғады.

"Менің ойымша, ол (РФ президенті Владимир Путин - ред.) Иран бойынша келісімді сақтағысы келеді, себебі ол Ресей үшін жақсы, олар Иранмен бизнес жүргізеді. Бірақ бұл біздің ел үшін жақсы емес және түптеп келгенде, бүкіл әлем үшін де жақсы емес", - деді Трамп кездесу соңында.

Бірнеше сылтау айтқанымен Дональд Трамп ақыры Германияға "Солтүстік ағым-2" жобасына қатысуға құқық берді.

"Бұл олардың таңдауы - Германияның. Бұл олардың таңдауы. НАТО мүшесі бола тұра, бұл қиын", - деді ол ресейлік "Газпроммен" "Солтүстік ағым-2" құрылысын жүргізу бойынша Германияның шешіміне қатысты сұраққа жауап беріп.

Сирияға қатысты Трамп АҚШ пен Ресей позициясының айтарлықтай әртүрлі емес екенін айтты.

"Менің ойымша, Сирия бойынша біз расында да жақындай түстік... Біз Сирияға қатысты мәселеде бір-бірімізден аса қатты алшақтамыз деп ойламаймын", - деп баға берді Трамп.

Сирия тақырыбында Владимир Путин де сөз сөйледі.

"Бүгін біз (АҚШ президенті Дональд Трамппен - ред.) ол жақтағы гуманитарлық жағдайды талқыладық. Бұл салада ілгерілей түсеміз деп үміттенемін", - деді ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Путин Ресей мен АҚШ стратегиялық тұрақтылық бойынша ортақ шешімге келетініне үміттенетінін айтты.

"Стратегиялық тұрақтылық мәселесі бойынша біз екі тарап үшін де тиімді шешімді табамыз деп үміттенемін. Бұл зымырандар бойынша келісімшарттарға да қатысты", - деп мәлімдеді Путин.

Владимир Путиннің айтуынша, Ресейді изоляциялауда күш қалмаған.

"Менің ойымша, сіздер де көріп отырсыздар, тырысқаннан болмады, оның сәтті аяқталуы да мүмкін емес еді. Оқшаулау мүмкін емес, Ресей тым үлкен", - деді Путин. 

Сонымен қатар, Ресей президенті "НАТО-ның Грузия мен Украинаға қатысты кеңейтілуі сапында Ресей өте негативті көзқарас танытар еді" деген ойымен бөлісті. Оның айтуынша, бұл елдер қатарға алынбаса да альянс олармен жұмыс істей алады.

Сонымен қатар, Ресей президенті ресейлік арнайы қызметтерде АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты ешқандай компроматтардың жоқ екенін мәлімдеді.

"Расында да ешқандай", - деді Путин, оның айтуынша, ол Дональд Трамптың бизнесмен болып жүргенде Ресейде болғанын да білмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети