Си Цзиньпин ҚКП басшысы болып үшінші мерзімге сайланады - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Си Цзиньпин ҚКП басшысы болып үшінші мерзімге сайланады - БАҚ Фото ©РИА Новости

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының басшысы болып үшінші бесжылдық мерзімге сайланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының басшысы болып үшінші бесжылдық мерзімге сайланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы, төраға Си Цзиньпиннің орталық рөлін нығайтты. Партияның ХХ съезінің қорытындысы бойынша 22 қазанда ұйым жарғысына тиісті түзетулер бекітілді. Олардың мақсаты – Си Цзиньпин мен оның саяси идеяларының ҚКП-дағы үстемдігін көрсету және Қытайдағы партия билігін сақтау.

Съезде сондай-ақ 20-шы ҚКП Орталық Комитетінің құрамы бекітілді. 23 қазанда пленум Орталық Комитет Саяси бюросы мен Тұрақты комитетінің жаңа құрамын тағайындайды. 69 жастағы Си Цзиньпин Қытай басшылығының қазіргі екі мерзімді шектеулерге қарамастан, үшінші бес жылдық мерзімге бекітіледі деп күтіліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети