ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Оның пікірінше, соған қарамастан әрқашан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн.
Осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер тигізген.
"Заңды, бақылауды күшейтіп, тиімді шараларды қолдану керек. Азық-түлікті бей-берекет пайдалануға жол бермес үшін оның алдын алу қажет. Осы мәселеде насихатты күшейту керек", - дейді Си Цзиньпин.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Қытай төрағасы әрқашан елдің азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән берген. Ол осыған дейін де тамақ қалдықтарын азайтуға шақырған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!