Синай қонақүйінде екі жарылыс болды, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синай қонақүйінде екі жарылыс болды, бір адам қаза тапты © REUTERS

Мысырдағы Синай түбегінің солтүстігінде екі ірі жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Болжам бойынша, бір адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырдағы Синай түбегінің солтүстігінде екі ірі жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Болжам бойынша, бір адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды.

Жарылыс Эль-Ариш қаласындағы қонақүйдің маңында болды. Мысырлық ақпарат құралдары өз кезегінде бір ғана жарылыстың болғанын хабарлап отыр. Полиция өкілдері парламент сайлауын бақылаушы судьялар жатқан қонақүйде автокөлік жарылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Эль-Ариш қаласы Солтүстік Синай проаинциясының орталығы. Ол А321 ұшағының апатқа ұшыраған жерінен жүз шақырым қашықтықта жатыр. Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети