Сингапур ғалымдары пробиотиктер - токсин мен вирустарды жоятын және иммунды жүйені реттейтін микроб тектес заттар қосу арқылы пайдалы сыра жасады, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі Сигапурдың ұлттық университетінің өкілі Кэролина Фонға сілтеме жасап.

"Пробиотиктердің адамға пайдалы екені баяғыдан белгілі, ферментацияға ұшыраған көптеген жемістерде пайдалы бактериялар болады. Бірақ ондай заттар сыра сияқты белгілі заттарға қосылмаған еді. Көп қиыншылықтар болды. Оның бастысы пробиотиктердің таралуын тоқтатып, оларды күйдіріп тастайтын құлмақ қышқылы", - дейді жоба авторларының бірі Элсини Чань.
10 ай бойы жүргізілген тәжірибелер арқасында авторлар пробиотиктерді сақтау әдісін тапты.
"Сүт қышқылының бактериясы пайдаланылды, ол сыра ашытқысындағы қант арқылы сақталып тұрады. Сондықтан сыраның дәмі ащы әрі ауыз қуырады, ал оның құрамындағы алкоголь 3,5 пайыз", - дейді Чань.
Авторлардың сөзінше, жаңа сыраның 100 миллиграмында 1 миллиард пробиотик бар екен. Ал пробиотиктер және пребиотиктердің халықаралық ғылыми ұйымы оларды дәл осы мөлшерді қабылдауға кеңес береді.
Қазіргі кезде авторлар бұл сыраның рецептіне патент алу бойынша өтініштерін өткізіп қойған екен.