Сирия әскері Израиль ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирия әскері Израиль ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді © telegraf.com

Сирия әскері Израильдің әуе күштеріне тиесілі ұшақты атып құлатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирия әскері Израильдің әуе күштеріне тиесілі ұшақты атып құлатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Агенттіктің мәліметі бойынша, әскерилер елдің әуе шекарасын бұзған делінген төрт ұшақтың бірін құлатқан. "Біздің әуе қорғаныс жүйеміз басып алынған аймақта ұшақтардың бірін құлатты. Тағы бір ұшаққа оқ тиді, қалғаны ұшып кетті", - деп мәлімдеді елдің әскери басшылығы. 

Сириялық тарап израильдік авиация Пальмира маңындағы САР әскерінің нысандарын атқыламақ болғанын айтады. 

Ал Израиль әскерінің баспасөз қызметі ешқандай әскери шығын болмағанын мәлімдеп отыр. 

Сирия аумағында әскери міндет орындау кезінде Израиль әскеріне екінші рет оқ атылып отыр. Мұның алдында Сирия әскери Израиль ұшақтарын зениттік зымырандармен атқан. Ол кезде ұшақтар сириялық артиллерияны атқылаған болатын.

Еске салайық, мұның алдында түрік құтқарушылары Сирия әуе күштерінің ұшқышын шеакара маңынан тауып алған. Оның ұшағын "Ахрар аш-Шам" радикалды тобының мүшелері атып түсірген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети