Сирияда ресейлік тікұшақ атып түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирияда ресейлік тікұшақ атып түсірілді © warfiles.ru

Сирияның Идлиб провинциясында ресейлік Ми-8 тікұшағын атып түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирияның Идлиб провинциясында ресейлік Ми-8 тікұшағын атып түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Экипаждың үш мүшесі және бітімгерлік мақсаттағы ресейлік орталықтың екі офицерінің жағдайы анықталып жатыр. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз және ақпарат басқармасындағылар хабарлады. 

"Бірінші тамыз күні Хмеймим әуе базасына қайтып келе жатқан ресейлік Ми-8 әскери-көлік тікұшағы жерден жасалған шабуылдан құлады. Олар Алеппо қаласына гуманитарлық көмекті жеткізіп, қайтып келе жатқан. Тікұшақта экипаждың 3 мүшесі және Сириядағы жанжалдасқан екі жақты бітімгерлікке шақыру мақсатындағы ресейлік орталықтың екі офицері болған", - делінген хабарламада.

Ресейлік әскери қызметкерлердің тағдыры барлық қолжетімді арналар арқылы анықталып жатқаны айтылады.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында, Сирия Араб Республикасының шекарасынан ұшып өту барысында түріктердің Ғ-16 жойғыш ұшағы ресейлік бомабалаушы Су-24М ұшағын құлатқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети