Сириядағы ресейлік әскерилер елге қайтарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сириядағы ресейлік әскерилер елге қайтарылады © РИА Новости

Сириядағы ресейлік әскердің біраз бөлігі елге қайтады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сириядағы ресейлік әскердің біраз бөлігі елге қайтады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Екі жылдан аса уақыт ішінде Ресейдің Қарулы күштері Сирия әскерімен халықаралық террористерден құралған топтарды талқандады. Осыған байланысты мен мынадай шешім қабылдадым: "Сириядағы ресейлік әскерилер үйлеріне қайтады, Ресейге қайтады", - деді Владимир Путин.

Осы мәлімдеден кейін Путин ресейлік әскерилерді Сириядан шығару туралы бұйрық берді.

"Қорғаныс министріне, Бас штабтың басшысына ресейлік әскерилер тобын тұрғылықты жеріне жіберуді бұйырамын", - деді Ресей президенті.

Айта кетейік, Владимир Путин 2016 жылдың наурыз айында тапсырмалардың сәтті орындалуына байланысты Сириядағы ресейлік әскерилердің басым бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған еді.

Басылымның мәліметінше, Ресей президентін Сирия президенті Башар Асад, Ресейдің қорғаныс министрі  Сергей Шойгу мен Сирияда ресейлік әскерилерге басшылық ететін генерал-полковник Сергей Суровикиннің күтіп алғаны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети