Сирия астанасында болған бірнеше жарылыстың салдарынан 80-нен аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сирия астанасында болған бірнеше жарылыстың салдарынан 80-нен аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, жарылыс 21 ақпанда Дамаск қаласындағы Сеида Зейнаб кварталында болған. Дамаск полицейлерінің айтуынша, лаңкестер кемінде үш жарылыс жасады. "Жарылыстан 80-нен аса адам қаза тапты, 200-ден аса адам жарақат алды", - деді жергілікті полицейлер.
Жергілікті ақпарат құралдары Сирия астанасында болған жарылыстарды ДАИШ-тың мойнына алғанын хабарлады. Сонымен қатар, полицейлердің терактілерді ұйымдастырды деген күдікпен екі адамды ұстағаны белгілі болды.
© twitter.com/Conflicts