Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Сирия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті 23 қыркүйек 2022, 12:20

Сирия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, кем дегенде 34 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сирия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, кем дегенде 34 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Сирияның Денсаулық сақтау министрлігі кеме Сирияның батысындағы Тартус қаласы жағалауында суға батып кеткенін хабарлады. Ведомство мәлімдемесінде аман қалған 20 адам Базель ауруханасында емделіп жатқаны айтылған.

Порттардың бас директоры Самер Кубрусли мигранттардың көпшілігі Ливан және Сириядан екенін, кейбірінің жеке куәлігі жоқ екенін айтқан. Ол құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Аман қалғандардың айтуынша, "қайық бірнеше күн бұрын Ливаннан 150-ден аса адаммен шыққан".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram