24 маусым 2015 | 09:34

Сирияда ораза ұстамаған екі жеткіншек өлім жазасына кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lenta.ru © Lenta.ru

Сирияда ораза ұстамаған екі жеткіншекті ИМ өкілдері өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Lenta.ru The Independent басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сирияда ораза ұстамаған екі жеткіншекті ИМ өкілдері өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Lenta.ru The Independent басылымына сілтеме жасап.

Оқиға елдің шығысындағы Маядин қаласында болды. "Балаларды ас ішіп отырған жерінен ұстап алған болуы мүмкін", - деді адам құқықтары жөніндегі ұйым басшысы Рами Әбдел Рахман. Басылымның хабарлауынша, содырлар не үшін өлтірілгенін жазып, балалардың мойнына тақтайша іліп қойған.

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.

 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети