03 мамыр 2018 15:19

Сирияда ресейлік Су-30СМ әуе көтерілген бетте құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су-30СМ. © РИА Новости Су-30СМ. © РИА Новости

Сирияда Хмеймим аэродромында ресейлік Су-30СМ әуе көтерілген бетте құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Екі ұшқыш та қаза тапты.


Сирияда Хмеймим аэродромында ресейлік Су-30СМ әуе көтерілген бетте құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Екі ұшқыш та қаза тапты.

"Мәскеу уақытымен шамамен 09:45-те Хмеймим аэродромынан ұшып шыққан Су-30СМ жойғыш ұшағы Жерорта теңізінің акваториясында апатқа ұшырады. Ұшақты аман алып қалуға соңына дейін күрескен екі ұшқыш та оқиға орнында қаза тапты", - делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауына қозғалтқышқа құстың тиюі себеп болуы мүмкін, өйткені ұшаққа оқ атылмаған. 

"Алдын ала болжам бойынша, апатқа ұшырауына қозғалтқышқа құс кіріп кеткендігі себеп болуы мүмкін. Ұшаққа ешқандай қарудан оқ атылмаған", - делінген РФ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети