09 қараша 2014 | 17:25

Сирияның солтүстігінде болған әуе соққысынан кемінде 21 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

vladtime.ru сайтынан vladtime.ru сайтынан

Сирияның солтүстік аймағында болған әуе соққысынан кемінде 21 адам қаза тауып, 100-ге жуық тұрғын жараланды, - деп хабарлайды РИА Новости Сирияның адам құқықтары жөніндегі мониторинг орталығының (Syrian Observatory for Human Rights) хабарламасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сирияның солтүстік аймағында болған әуе соққысынан кемінде 21 адам қаза тауып, 100-ге жуық тұрғын жараланды, - деп хабарлайды РИА Новости Сирияның адам құқықтары жөніндегі мониторинг орталығының (Syrian Observatory for Human Rights) хабарламасына сілтеме жасап.

Әуе соққысы сириялық әскери тікұшақтардан және ұшақтардан Эль-Баб қаласы аймағында жасалған. Құқық қорғаушылардың айтуына қарағанда, әуе соққысы жасалған қала "Ислам мемлекеті" содырлары лаңкестік тобының қадағалауында. Соққы нәтижесінде бейбіт тұрғындар қаза тауып, зардап шеккен. Қарулы күштердің өлімі туралы ақпарат әлі жоқ.

Еске салайық, "Ислам мемлекеті" содырлары Сирия мен Ирактың жаулап алған аумағында "халифат" жариялаған болатын. "Ислам мемлекеті" Сирия аумағында мемлекеттік күшке қарсы шабуыл нәтижесінде өзін қатыгез топ ретінде танытып, басым күшке ия болған. Бұл топтың әрекеті нәтижесінде бірнеше мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы жүз мыңдай тұрғын босқынға айналып, тағы бір мың тұрғын кепілде отыр.

АҚШ өзінің бірнеше одақтас елдерімен, соның ішінде араб мемлекеттерімен қосылып 23-қыркүйектен бастап, "Ислам мемлекеті " содырларының ұстанымы бойынша Сирияда әуе соққыларын бастады. Тамыз айынан бастап, дәл осындай жағдай Иракта да болған. Айта кетейік, АҚШ бұл соққыларды Сирия билігінің рұқсатынсыз жасауда. Америка Сирияның билікке де, "Ислам мемлекетіне" де қарсы соғысып жатқан қарулы оппозициясын қолдап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети