25 қаңтар 2016 10:18

Сирияның солтүстігінде екі бірдей теракт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 қаңтарда Сирияның солтүстігіндегі Камышлы қаласында екі бірдей теракт болды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы "Сутору" агенттігіне сілтеме жасап.


24 қаңтарда Сирияның солтүстігіндегі Камышлы қаласында екі бірдей теракт болды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы "Сутору" агенттігіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, теракт салдарынан екі адам қаза тауып, онға жуығы жарақат алған. "Екі жарылыс болды. Бірінші жарылғыш зат мотоциклде іске қосылды. Екі адам қаза тауып, он шақты адам жарақат алды. Екінші жарылыстан зардап шеккендер саны анықталып жатыр", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Кейбір ақпарат құралдары жарылғыш заттың ішінде 25 адам болған Star дәмханасында іске қосылғанын жазды. Соңғы мәлімет бойынша, екі лаңкестік әрекетті де ДАИШ ұйымы мойнына алған. Агенттік жарылыстан кем дегенде үш адамның зардап шеккенін хабарлады.

Айта кетейік, Камышлы Түркия шекарасына жақын маңда орналасқан. Онда күрдтер, арабтар мен армяндар өмір сүреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети