Сицилияда құтқарушылар жарылыстан аман қалғандарды іздестіріп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сицилияда құтқарушылар жарылыстан аман қалғандарды іздестіріп жатыр Видеодан алынған кадр

Құтқарушылар Сицилияның Равануза қаласында болған жарылыстан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар Сицилияның Равануза қаласында болған жарылыстан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдары мәліметінше, оқиғадан кемінде төрт адам қаза тапқан. Қазір хабар-ошарсыз кетті деген алты адам іздестіріліп жатыр. Құтқарушылар ауыр техниканы қолданбай жұмыс істеп жатыр.

Үйінді астынан екі әйел құтқарылған. Оларды ұялы телефон сигналдары арқылы тапқан.

"12 сағат тынымсыз жұмыс істеген құтқарушыларға алғыс айтамын. Үйінді астында әлі де адамдар бар. Олар аман-сау табылады деп сенейік", - деді жергілікті тұрғын Лилло Кавальяро.

Сенбідегі жарылыс салдарынан көршілес төрт үй қирап, тағы үшеуі бүлінген. Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газ шығуынан болған.

"Бұл шағын қала және бәрі бірін-бірі таниды. Басымыздан мұндай жағдай өтіп жатқанына сену мүмкін емес, айтарға сөз жоқ", - деді 69 жастағы зейнеткер Арканжело Д'Анжело.

Равануза ( итал. Ravanusa ) - Италиядағы коммуна, Сицилия аймағында орналасқан, Агридженто әкімшілік орталығына бағынады. Халық саны 11 мың адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети