Демалыс күндері Сицилияда жауған жаңбырдың салдарынан 12 адам қаза тапты. Толассыз жауын салдарынан Каммарата қаласына жақын маңдағы өзеннің суы тасып, автокөліктерді шайып кетіп, он екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға жексенбіде түнгі уақытта Палермо провинциясындағы Кастельдачча қаласында болған. Нөсер жауын салдарынан Милича өзені арнасы тасып, жағалауда орналасқан виллардың бірін басып қалған. Бір отбасы, оның ішінде бір жасар сәби мен үш жасар бала тұншығып қайтыс болған.
Осындай бір оқиға салдарынан Сицилияның Викари елдімекенде 44 жастағы ер адам қайтыс болған және тағы екі адам із-түссіз жоғалып кеткен. Сицилия орталығы - Палермо әкімшілігінің билігі екі күндік қаралы күн жариялады.
© REUTERS
Италия премьер-министрі Джузеппе Конте жексенбіде Сицилияға ұшып барды.
"Азаматтық қорғаныс қызметімен әрдайым байланыстамын және облыстың солтүстік бөлігіндегі қайғылы жағдайлардың өрбуі туралы мәліметтерді алып жатырмын", - деді премьер.
Бір апта бұрын Италияда ауа райының қолайсыздығынан 19 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.