12 маусым 2014 | 09:09

Славянск маңындағы қақтығыста фосфорлы бомба қолданылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семеновка ауылын күйдіргіш бомбамен атқылау. Сурет lifenews.ru сайтынан алынған Семеновка ауылын күйдіргіш бомбамен атқылау. Сурет lifenews.ru сайтынан алынған

"Сәрсенбі күні кешкілікте украин әскерилері Славянск маңындағы Семеновка ауылын зымыранда "Град" қондырғысымен және минометтермен ғана атқылап қоймай, әлем бойынша тыйым салынған фосфорлы бомбаны қолданды деген ақпаратты Донбас халық жасақшыларының өкіліне сілтеме жасаған Life News ақпарат құралы таратты. Оған қоса, басылым куәгерлер түсіріп алған бейнежазбаны да ұсынып отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иконка комментария блок соц сети

Шабуыл басталғанан соң бір сағаттан кейін жергілікті билік бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялауға шешім қабылдаған. Бұл Украинаның оңтүстік шығысында күйдіргіш бомба қолданудың бірінші жағдайы.

Фосфорлы бомба адамға ақырын, қиналып өлетін, өте ауыр және зиянды жарақат келтіреді. Мұндай жарақатты емдеу үшін арнайы дайындалған медицина маманы болуы қажет. Өйткені, ондай жарақатты емдеушінің өзі де жарақат алып қалуы мүмкін.
Құрамында ақ фосфор бар снаряд жарылысы жүздеген шаршы метр аумаққа зақым келтіреді. Ақ фосфор түтін мен жалын бөліп қана қоймай, адамды психологиялық есеңгіреуге ұрындырады. Демалған кезде адамның өкпесі, ішкі ағзалары күйеді.

Халықаралық шарттар бойынша мұндай құралды бейбіт тұрғындарға қарсы қолдануға тыйым салынған. Мұндай оқ-дәрілер Вьетнамдағы әскери қимылдар кезінде қолданылған. Сондай-ақ 2004 жылы АҚШ Ирактың Фаллуджу қаласында болған әскери қимылдар кезінде құрамында ақ фоспар бар оқ-дәріні қолданған. Ал, 2006 жылы екінші Ливан соғысы кезінде сондай оқ-дәріні Израиль армиясы пайдаланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети