Славянскідегі шабуыл кезінде екі әскери азамат қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Славянскідегі шабуыл кезінде екі әскери азамат қаза тапты Сурет РИА Новости©

Славянскідегі арнайы операция кезінде екі әскери азамат қаза тауып, бірнеше азамат жараланған, - деп хабарлайды РИА Новости Украина қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Славянскідегі арнайы операция кезінде екі әскери азамат қаза тауып, бірнеше азамат жараланған, - деп хабарлайды РИА Новости Украина қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ми-24 және Ми-8 тікүшақтары жарылған еді. Авиация және бронетехниканың көмегімен Киевтің бақылауындағы күштік құрылымдар жұма күні ертеңгісін федерализацияны қалайтындарға қарсы арнайы операция бастаған болатын.

"Донецк облысы Славянск қаласында Украина қарулы күштерінің әуе қорғанысындағы екі Ми-24 ұшағы жарылды. Алдын ала болжам бойынша, тікұшақтарды зенниттік-зымырандар кешенінің күшімен белгісіз біреулер атып түсірген. Осының салдарынан қорғаныс күштеріне қызмет ететін екі әскери қызметкері қаза тапты және біршама азамат ауыр жараланды", - делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, әскери авиацияның Ми-8 тікұшағы да жойылып, бір адам қаза тапқан, зардап шеккендер жоқ.

Украина Қорғаныс министрі лауазымын уақытша атқарушы Арсен Аваков өзінің Facebook-тегі жеке парақшасына Славянскідегі 10 блокпостты бағындыру кезінде жасақ әскерилері тұтқындалғанын жазады. Қалаға кіреберісте және ішкі жағында Донеск белсенділерінің бөгеті шеп құрып тұр. Белсенділердің айтуынша, сол ішкі блокпостта "Оң сектордың" қаруланған азаматтары бар. Қазір қалаға ешкім еркін кіре алмайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети