ҚР Сыртқы істер министрлігі Таиландта отандасымыздың қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таиландта отандасымыздың қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"26 қыркүйекте қайғылы оқиға болды. Біздің 78 жастағы азаматшамыз Паттайяда суға тұншығып, қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша әйел суға тұншығып қайтыс болған, алайда біз медициналық сараптама нәтижесін күтетін боламыз. Мен бүгін консулмен сөйлестім. Әйелдің жолдасы оның денесіне сонда кремация жасауды ұйғарды. Жергілікті жерлеу агенттігіне хабарластық. Мәселені бақылауға алынды", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, 78 жастағы әйелдің денесі Паттайя қаласына жақын маңдағы Джомтьен жаға-жайынан табылған. Болжаммен ол шомылу кезінде тұншыққан.