СІМ Венгрияда белгісіз жағдайда жоғалған қазақстандық түрмеде екенін айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сыртқы істер министрлігі Венгрияда белгісіз жағдайда жоғалған 27 жастағы қазақстандық Қанатбек Өтебек сотталып, жергілікті түрмеде отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігі Венгрияда белгісіз жағдайда жоғалған 27 жастағы қазақстандық Қанатбек Өтебек сотталып, жергілікті түрмеде отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ер адамды венгр тәртіп сақшылары 10 тамызда қолға түсірген. Оған заңсыз көші-қон ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылған.

"Сексард қаласының соты оны араб мемлекеттерінен келген жеті мигрантты венгр-сербия шекарасынан заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп таныды. Сот бұл азаматты үш жыл үш айға бас бостандығынан айырды. Апелляциялық шағым түсірілді", - деді министрдің орынбасары Әділ Тұрсынов.

Оның айтуынша, Венгрия заңына сәйкес Өтебекке аудармашысы бар тегін мемлекеттік адвокат берілген. Қазір ол Сомбатхей қаласындағы мемлекеттік түрмеде отыр. Қазіргі уақытта екінші инстанциядағы сот болады деп күтіліп жатыр.

"Қазақстан Елшілігі оның туыстарына онымен байланысатын, Skype арқылы сөйлестіретін өтінішті толтыруға көмектесті. Сондай-ақ, тұтқынға байланыстағы тұлғадан ақша аударымдарын алу құқығы берілді. Жақын туыстарының өтініші бойынша елшілік орыс тілін білетін жеке қорғаушы беру туралы келіссөз жүргізіп жатыр," - деп қосты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Айыптау үкімі заңды күшіне енсе, Өтебек жазасын Қазақстандағы колонияда өтеуді сұрауы мүмкін. Бұл құқықты Қазақстан мен Венгрия арасындағы 2014 жылы жасалған сотталғандарды беру туралы келісімнің арқасында жүзеге асыруға болатыны атап өтілді.

Еске салайық, Венгрияда 27 жастағы шымкенттік белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет оны туыстары Instagram желісінде қазақстандық блогердің тікелей эфирінен көргендерін айтқан.

Қанатбек Өтебек биыл шілденің аяғында Чехияға жұмыс істеуге кеткен. Оның бір айға жарамды шенген визасы бар, дейді туысы Балнұр Өтебек. Оның айтуынша, Қанатбек Өтебекті Еуропаға таныстары шақырып, жұмысқа орналасуға көмектесеміз деп уәде берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro