04 тамыз 2016 | 17:20

Сочиде кішкентай бала пойыз астында қалудан соңғы уақытта құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© maks-portal.ru © maks-portal.ru

№35 Черномор жасағының ведомстволық күзетінің мамандандырылған атқыштар тобының қызметкерлері темір жолдың бойында тұрып қалған кішкентай баланы өлімнен құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Макс Портал"


Иконка комментария блок соц сети

№35 Черномор жасағының ведомстволық күзетінің мамандандырылған атқыштар тобының қызметкерлері темір жолдың бойында тұрып қалған кішкентай баланы өлімнен құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Макс Портал"

Арсентий Хазарян мен Александр Семиглазов патрульдеуге шыққан. Кенеттен олар пойыз жолында отырған кішкентай баланы көрген. 

"Екі қызметкер де пойызға қарсы жүгірген, Арсентий Хазарян серіктесіне пойыз машинсіне тоқтау туралы белгі беру үшін қолын көтеруді айтқан, ал өзі бар күшімен балаға қарай жүгірген", - делінген баспасөз релизінде.

Видеода атқыштардың үйінділер арасымен жүгіріп келе жатқанын байқауға болады. Біреуі қаңғыбас итке шалынысып, қайта тұрып, қайтадан балаға қарай жүгіреді. Соңғы секундтарда тоқтайын деп келе жатқан локомотивтің астынан баланы жұлып алып, аман алып қалады.

"Біз патрульдеуге өз уақытынан ерте шықтық, мүмкін сол себеп болған шығар дейді", - ер адамның бірі.

БАҚ мәліметінше, оқиға болғаннан кейін баланың анасы келген.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала темір жолдың маңында орналасқан кемпингтен келген болуы мүмкін. Ол онда ата-насымен келген көрінеді. 


Хазарян Арсентий Акопович


Семиглазов Александр Иванович

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети