Содырлардың парашютпен секірген ресейлік ұшқыштарды атып жатқан сәті бейнеленген видео жария болды

24 Қараша 2015, 21:52
0
Содырлардың парашютпен секірген ресейлік ұшқыштарды атып жатқан сәті бейнеленген видео жария болды - © Anadolu
© Anadolu

Содырлардың парашютпен секірген ұшқыштарды атып жатқан сәті бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Associated Press

Осы уақытта Ресейдің Қорғаныс министрлігі Facebook желісіндегі парақшасында Түркияның әскери әуе күштері атып түсірген ресейлік Су-24 ұшағына қатысты жаңа деректерді жария етті. "Ресейдің Су-24 әскери ұшағын "Хмеймим" әуе базасына оралуы кезінде Сирия Араб Республикасының территориясында түріктің F-16 жойғыш ұшағы атып түсірген. Объективті бақылау мәліметтерінің сараптамасы Түркияның әуе кеңістігінің бұзылмағанын бірыңғай көрсетіп берді", - делінген ведомство хабарламасында. 

Ал Сирияның көтерілісшіл күштерінің медиакеңсесінің YouTube хостингіндегі арнасында ресейлік Су-24 ұшағының құлаған сәті бейнеленген жаңа ролик пайда болды. 

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды, алайда кейін БАҚ-тар екінші ұшқыштың да қаза болғанын хабарлады. 

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады. "Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді", - деп мәлімдеді Путин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай