21 мамыр 2015 10:14

ИМ содырлары Малайзия банктерін тонауды және адамдарын ұрлап әкетуді жоспарлап отыр - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dw.de © Dw.de

"Ислам мемлекеті" лаңкестік тобы өздерін қаржыландыру үшін Малайзияның банктерін тонауды және адамдарын ұрлауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ел астанасының полиция шефі Таджуддин Мұхаммед Иса мәлімдеді.


"Ислам мемлекеті" лаңкестік тобы өздерін қаржыландыру үшін Малайзияның банктерін тонауды және адамдарын ұрлауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ел астанасының полиция шефі Таджуддин Мұхаммед Иса мәлімдеді.

"ИМ Малайзияда өздеріне жаңа адамдар жинап, бірінші кезеңнен өтті. Қазір жоспарларының екінші кезеңіне көшуді жоспарлап отыр", - деп хабарлады құқыққорғаушылар. Олардың айтуынша, содырлар шетелдіктер жұмыс істейтін орталықтар мен ғимараттарды басып алуды да көздеп отыр. Мұхаммед Иса ИМ содырлары қару жинау мақсатында әскери лагерьлер мен полиция бөлімшелеріне шабуыл жасаулары мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, бір ай бұрын ел астанасы мен Улу-Лангат қалашығында жарылғыш құралдары бар 12 лаңкес ұсталды. Полиция басшысы Халид Абу Бакардың айтуынша, олар елде жарылыс ұйымдастырмақ болған. Ал сәуір айының басында полицейлер Куала-Лумпурдағы маңызды нысандар мен әскери лагерьлерге, полиция бөлімшелеріне шабуыл жасауды ұйымдастырған 17 содырды ұстады. 

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.

Малайзия ИМ содырларын лаңкестік ұйым деп есептейді. Елдің премьер-министрі Наджиб Разак өткен жылы үкіметтің экстремистерге қарсы күресетінін айтқан болатын. Малайзия ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2013 жылы елде лаңкестік ұйымға қатысы бар деген күдікпен 100-ден астам адам ұсталыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети