"Соғыста періштелер жоқ". Илон Маск "Роскосмос" басшысына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Соғыста періштелер жоқ". Илон Маск "Роскосмос" басшысына жауап берді Фото: Reuters/РИА Новости

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Twitter-де Роскосмос мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозиннің "Маск Украина күштерін әскери байланыс құралдарымен қамтамасыз еткені үшін "ересекше" жауап беруі керек" деген мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рогозин Telegram-арнасында Пентагон Мариупольдегі нацистік Азов батальонының жауынгерлеріне Илон Маск жасаған Starlink байланыс жүйелерін жеткізгенін жазды. Осылайша, америкалық миллиардер, Роскосмос басшысының сөзінше, оларды жабдықтауға қатысып отыр.

"Осылайша Илон Маск Украинадағы фашистік күштерді әскери байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге қатысып отыр. Ал бұл үшін ол ересекше жауап беруі керек, Илон, өтірік ақымақ болма", - деді Рогозин.

Оған жауапта кәсіпкер былай деп жазды: "Рогозин мұны ресейлік БАҚ-қа жіберді... Мен жұмбақ жағдайда қаза тапсам, сізді білгенім үшін қуаныштымын... Соғыста періштелер жоқ".

Маск "Роскосмос" басшысының "Азов нацистік" батальоны туралы сөзіне түсінік бере отырып, "нацист" сөзінің мағынасы ол ойлағандай емес екенін айтты.

27 ақпанда Илон Маск Украинадағы пайдаланушылар үшін Starlink спутниктік Интернетін қосты. Оған Украинаның цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров өтініш берген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети