Соломон аралдарының премьер-министріне аймақтағы тәртіпсіздіктен кейін сенімсіздік вотумы беріледі

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соломон аралдарының премьер-министріне аймақтағы тәртіпсіздіктен кейін сенімсіздік вотумы беріледі ©REUTERS

Соломон аралдарының премьер-министрі Манас Согаварға аймақта үкіметке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырылғаннан кейін сенімсіздік вотумы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соломон аралдарының премьер-министрі Манас Согаварға аймақта үкіметке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырылғаннан кейін сенімсіздік вотумы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Оппозициялық демократиялық партияның жетекшісі Мэтью Уэйл премьер-министрді дауыс беру алдында өзінің саяси күшін сақтау үшін ұлттық қордағы Қытай ақшасын пайдаланды деп айыптады.

"Премьер-министр өзінің саяси күшін сақтау үшін ұлттық даму қорының (NDF) ақшасына тәуелді. Ол шетелдік державаның қызметінде болды, Соломон аралдарының мүддесі үшін қалай шешім қабылдай алады?" - деді Уэйл.

Денсаулық сақтау министрі Кулвик Тогамана COVID-19 пандемиясында Согаваренің басшылығын қолдап, оның отставкаға кетпеуі керек екенін айтты. Агенттіктің хабарлауынша, мыңнан аса адам провинцияның астанасы Аукиге Парламент отырысының тікелей эфирін тыңдау үшін жиналды.

Еске салайық, 24-28 қараша аралығында елде өткен үкіметке қарсы наразылық Хониараның шығыс аудандарының көп бөлігін қамтыған жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Қалада азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажет тауарлар жетіспейді.

Хониара айлағында қайықтарға тыйым салынды, Австралия, Фиджи, Жаңа Зеландия және Папуа-Жаңа Гвинеядан келген 200-ден аса полиция офицерлері мен сарбаздары дауыс беру жаңа зорлық-зомбылық тудыруы мүмкін деген қауіптен сақтанып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети