Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды © Reuters

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды, - деп хабарлайды РИА Новости оңтүстіккореялық БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды, - деп хабарлайды РИА Новости оңтүстіккореялық БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

"Солтүстік Корея 05.27-де баллистикалық зымыранын ұшырды. Ол шамамен 700 шақырымға ұшты", - делінген оңтүстіккореялық қару күштерінің штаб басшылары біріккен комитетінің мәлімдемесінде. Комитеттің мәліметінше, зымыран Пхенан-Пукто провинциясындағы Кусон уезінде ұшырылған. 

Киодо агенттігінің мәліметінше, Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга КХДР зымыранының шамамен 30 минут ұшып, Жапон теңізіне құлағанын, бірақ Жапонияның шектік экономикалық аймағына жетпегенін мәлімдеді.  

Суга КХДР зымыран сынағынан жапон кемелеріне зақым келді делінген ақпарат түспегенін мәлімдеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, Жапония жаңа сынақтарды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюциясын бұзу деп есептелетіндіктен, ҚХДР-дің Бейжіңдегі елшілігіне нота жолдаған.

Ал АҚШ әкімшілігіндегілер мұны қатаң айыптап отыр. "Солтүстік Корея тым ұзақ уақыт бойы қатер төндіріп отыр... Осы соңғы провокация барлық елге Солтүстік Кореяға қарсы бұдан да қатаң санкциялар енгізуге себеп болсын", - деп хабарлалы Ақ үйдің баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети