18 қыркүйекте Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея астанасына ел басшысы Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізу үшін келді. Пхеньянда жоғары мәртебелі қонақты мерекелік киім киіп, үнқағаз ұстап, қошемет ұрандарын айтқан 100 мыңға жуық адам қарсы алды, - деп хабарлайды Euronews.

Саммиттің алғашқы күні мемлекеттер басшылары Пхеньянда Кореяның Еңбек партиясының Орталық комитет ғимаратында әңгімелесті. Кейін Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин Пхеньянның үлкен театрында концерт тамашалады.
Театрда жүздеген адам үш минут бойында екі елдің басшыларына "Мансе!" (Алақай!) деп ұрандап, үздіксіз қошемет көрсетті. Бұл қошемет Ким Чен Ын концерт басталатын уақыт жеткенін ыммен білдірсе де үзілмеді.
Ким Чен Ын салтанатты қабылдау рәсімінде Мун Чжэ Инді акуланың қанатшалары бар сорпа беріп, корейдің тұздалған жабайы өсімдіктерінен, тәтті ботқамен және теңіз өнімдерінен дәм татқызды.
Екі елдің басшылары сөз сөйлеу барысында бокалдан жүзімнің қызыл шарабын ішіп, асқа отырды.
Оңтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға сыйлық ретінде Сеулден кезіндегі біртұтас Кореяның картасын сыйлады.
Сәрсенбіде Солтүстік және Оңтүстік Корея басшыларының келіссөзі жалғасады.