Солтүстік Корея 16 жылда бірінші рет өзге елге қайырымдылық жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея 16 жылда бірінші рет өзге елге қайырымдылық жасады Фото: REUTERS

Солтүстік Корея Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Мьянмаға гуманитарлық көмек көрсету туралы бастамасына 300 мың доллар (128 миллион теңге) бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Мьянмаға гуманитарлық көмек көрсету туралы бастамасына 300 мың доллар (128 миллион теңге) бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Гуманитарлық қызметті үйлестіру басқармасының мәліметінше, Солтүстік Корея БҰҰ-ның Мьянмадағы әскери төңкерістен кейін зардап шеккендерге азық-түлікпен және гуманитарлық көмек көрсету және коронавируспен күресу туралы жобасына қайырымдылық жасаған.

Басқарманың мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Корея соңғы рет 2005 жылы БҰҰ-ның басшылығымен жасалған көмек көрсету жобасына осындай қайырымдылық көрсеткен.

Айта кетейік, Солтүстік Корея мен Мьянма достық қарым-қатынаста. Мысалы, жыл басында Ким Чен Ын Оңтүстік-Шығыс Азия елі тәуелсіздігінің 73 жылдығына орай Мьянма президентіне үндеу жолдады.

Солтүстік Корея бұл жобаға қатысқан оннан аса ел мен ұйымның қатарында. Оңтүстік Корея да 600 мың доллар көлемінде қайырымдылық көрсетті. Ең үлкен қайырымдылықты АҚШ жасаған, бұл ел 23 миллион доллардан аса қаражат жолдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети