15 тамыз 2017 10:37

Солтүстік Корея басшысы әскерилерге кез келген сәтте соққы жасауға дайын болуды бұйырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Todaysmilitary.ru © Todaysmilitary.ru

КХДР басшысы Ким Чен Ын әскерилерге өзі шешім қабылдаған сәтте соққы жасауға дайын болуды бұйырды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.  


КХДР басшысы Ким Чен Ын әскерилерге өзі шешім қабылдаған сәтте соққы жасауға дайын болуды бұйырды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.  

Пхеньян басшының сөзінше, АҚШ қауіпті әсери қақтығыстан қашу үшін дұрыс таңдау жасауы қажет. Сонымен қатар, ол Гуамға қарай зымырандар ұшыру жоспарымен танысты. 

"АҚШ дұрыс шешім қабылдап, расында да Корей түбегіндегі шиеленісті шешуге ынталы екенін көрсетуі қажет", - дейді Солтүстік Кореяның басшысы. 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің салған санкцияларына қарамастан, КХДР зымырандарды ұшырудан бас тартпай отыр. Бұған сылтау ретінде АҚШ тарапынан болуы мүмкін басқыншылық әрекет. Өткен аптада екі ел бір-біріне сес көрсетіп, қорқытуға тырысқан. ҚХДР-дың Орталық телеграф агенттігінің мәліметі бойынша, Солтүстік Кореяның әскерилері Гуам аралындағы және Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі АҚШ әскери базаларына соққы жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Гуамға Солтүстік Корея тарапынан қандай да бір қауіп келсе, КХДР-ды ешкім ешқашан көрмеген жағдайға жеткіземін деп уәде берген. Гуам аралдарында америкалық Андерсен әуе базасы және Апра-Харбор әскери теңіз базасы орналасқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети