Корей Халық Демократиялық Республикасының билігі ядролық сынақтың жүргізілгенін растады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы республиканың Орталық телеарнасы хабарлады. Сонымен қатар, КХДР билігі зымырандарды ядролық оқтықпен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Солтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша сағат 09.30-да магнитудасы 5,0 жер сілкінісі тіркелген болатын. Осыған байланысты Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония елдері БҰҰ-ға Корей Халық Демократиялық Республикасында кезекті ядролық сынақты жүргізген соң Қауіпсіздік кеңесі отырысын ұйымдастыруды сұрады. Ал Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ жиналысы 9 қыркүйекте өтуі тиіс.