Солтүстік Корея жер бетінің кез келген нүктесіне зымыранмен соққы жасай алатынын ескертті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Солтүстік Корея Корей халық армиясының стратегиялық әскері (КХА) күнін атап өтіп, зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынын ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Корея Корей халық армиясының стратегиялық әскері (КХА) күнін атап өтіп, зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынын ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости

Елдің орталық партия газеті "Нодон синмун" осыған байланысты Пхеньянда өткен шерудегі солтүстіккореялық зымырандардың түрлі-түсті суреті бар мақала жариялады.

"КХА стратегиялық әскері қалаған уақытында жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алады", - деп жазады газет. Басылымның мәліметінше, ұшырылған жүз зымыранның жүзі де сәтті болады, себебі "жылдам ұшыру мобиль қондырмаларының арқасында бұл зымырандарды анықтау қиын".

Кореяның Еңбек партиясының ОК баспасөз органы осыған байланысты сәтті сынақтар жүргізілгенін, нақты айтқанда "Хвасон-12" жоғары орта қашықтықтағы жаңа және "Пуккыксон-2" орта радиустағы баллистикалық зымырандардың, сонымен қатар "жер-кеме" класындағы қанатты ұшақтарының сынақтан сәтті өткенін еске салып отыр.

Сондай-ақ, газет АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасау туралы өткен жылғыдай тікелей қатер жайлы жазбапты. 

Солтүстік Корея БҰҰ ӨҚ санкцияларына қарамастан Құрама Штаттардың тарапынан әскери қатер болады деген сылтаумен ядролық және зымыран қаруларын жасаумен айналысып жатыр. Пхеньянның әскери белсенділігі әлемде ядролық қарудың таралмау режимін бұзады деп дабыл қағылып отырғандықтан, халықаралық қоғамдастық КХДР-ден ядролық және зымыран қарулануын тоқтатуға бел буған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro