15 қыркүйекте таңғы уақытта жапонның NHK телеарнасы Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады. Зымыран Жапония территориясының үстінен ұшып өтіп, Тынық мұхитына - Хоккайда аралындағы Эримодан екі мың шақырым жерге түскен.
15 қыркүйекте таңғы уақытта жапонның NHK телеарнасы Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады. Зымыран Жапония территориясының үстінен ұшып өтіп, Тынық мұхитына - Хоккайда аралындағы Эримодан екі мың шақырым жерге түскен.
Жапония үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга баспасөз мәслихатында әзірше кемелер мен ұшақтардың қирағаны туралы мәліметтің жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, зымыран қалдықтарының табылғаны жайында да мәлімет түспей отыр екен. Алайда солтүстік-шығыс префектураларындағы тұрғындарды қауіпсіз жерді паналауға шақырды.
Ел премьер-министрі Синдзо Абэ Жапонияның КХДР-дің зымыран ұшыруынан кейін шұғыл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шақыруды талап ететінін мәлімдеді.
"Жапония БҰҰ Қаіпсіздік кеңесінің шұғыл жиналысын өткізуді талап етеді. Әлемдік қауымдастық бірге болуы тиіс және бүкіл әлемде бейбітшілікті бұзып жатқан КХДР-дің қауіпті арандатуларына нақты жауап беруі тиіс", - деп келтіреді премьердің сөзін РИА Новости.
"Жапония үкіметі зымыранның ұшырылуын басынан бастап қадағалап, толықтай дайын болды. Жапониялық-америкалық одаққа сеніп, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаймыз", - деді Абэ.
Солтүстіккореялық зымыранның ұшу траэкториясы. © nhk.or.jp
© nhk.or.jp
Ал Оңтүстік Кореяның әскерилері КХДР-нің жаңа зымыраны 3 700 шақырым ұшып, максималдық 770 шақырым биіктікке жеткенін хабарлады.
"Хвасон-12" зымыранын ұшыру сәті. © Yonhap
Оңтүстік Корея билігі жұма күні таңертең шұғыл түрде Ұлттық қауіпсіздік кеңесін өткізді. Отырысқа ел президенті Мун Чжэ Ин қатысты.
Өз кезегінде Ақ үй өкілі АҚШ президенті Дональд Трамптың солтүстіккореялық зымыранның ұшырылғаны жөнінде хабарланғанын мәлімдеді.
© Al Jazeera
КХДР 29 тамызда да зымыран ұшырған еді. Кейін Солтүстік Корея билігі "Хвасон-12" баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгенін растаған болатын. Сынаққа ел лидері Ким Чен Ын қатысқан. Ал 3 қыркүйекте Солтүстік Корея сутек бомбасын сынақтан өткізген.