17 қазан 2017 | 10:24

Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тарту шарттарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS © REUTERS ©

ҚХДР ядролық қаруды толықтай жою идеясын қолдады, алайда, мұндай қару АҚШ-та бар кезде Солтүстік Корея арсеналын сақтап қала бермек. Бұл туралы Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы ұдайы өкілінің орынбасары Ким Ин Рен мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Сонымен бірге, ол ядролық соғыс кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін екенін атап өтті. 

Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеген дипломат шілдеде қабылданған Ядролық қаруға тыйым салу конвенциясына қолдау білдірді және бұл құжатқа АҚШ қарсы екенін де айта кетті. 

"ҚХДР ядролық қаруды сатылай жоюды және бүкіл әлемнің денуклеаризациясын қолдайды. Дегенмен ҚХДР-ге ядролық қарумен үнемі қауіп төндіріп отырған АҚШ ядролық қаруға тыйым салу келісімін мойындамайынша, ҚХДР бұл келісімге қосылмайды", - дейді Ким Ин Рен. 

Дипломаттың сөзінше, Солтүстік Кореяда ядролық қару мен баллистикалық зымырандардың болуы өзін қорғау амалы. "Ешбір мемлекетке АҚШ тарабынан осыншама ұзақ уақыт бойы ядролық қауіп төнген жоқ. Бүкіл әлемнің назары ауған Корей түбегінде жағдай шырқауына жетті, кез келген уақытта ядролық соғыс басталуы мүмкін", - деп атап өтті ол. 

Әлемдік қауымдастықтың қысымына қарамастан Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын дамытуды тоқтатпай отыр. Үшінші қыркүйекте ҚХДР сутекті жарылғыш затының сынақтан сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл жарылғыш заттармен құрлықаралық баллистикалық зымырандар жасақталады. Жапония мен Оңтүстік Корея әскерилері оның қуатын алдын ала болжам бойынша 160 килотоннаға теңеді. Бұл 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиде жарылған атом бомбаларынан он есе күшті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети