Солтүстік Корея ядролық сынақты қайта қарауы мүмкін - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея ядролық сынақты қайта қарауы мүмкін - БАҚ

Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынақтарын қайта бастауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынақтарын қайта бастауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Пхеньянда Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын қатысқан Кореяның Еңбек партиясы орталық комитетінің саяси бюро отырысы өтті. Онда КХДР басшысы АҚШ-пен ұзақ мерзімді қарама-қайшылыққа дайындалу қажет екені туралы мәлімдеп, ядролық сынақтарды қайта бастау мүмкіндігін айтты.

"Тиісті органдарға біздің жеке бастамамызбен қабылдаған сенім шараларын қайта қарау және уақытша тоқтатылған барлық әрекеттерді тез арада қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды", - деп хабарлады Кореяның орталық ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, бұл 2017 жылдың соңынан бері мораторий сақталып келген құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыру және ядролық сынақтарға қатысты.

©REUTERS

Сондай-ақ, саяси бюро уақытша тоқтатылған барлық шараларды қайта қарауды, сонымен қатар "ең күшті физикалық құралдарды тез арада күшейтуге" шақырды.

Солтүстік Корея ақпарат агенттігі мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері "қауіпті шегіне жетті", бұған мысал ретінде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығулары, қазіргі заманғы америкалық стратегиялық қару-жарақты орналастыру және халықаралық санкцияларды енгізу жатады.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі бірқатар зымырандардан кейін Солтүстік Кореяға алғашқы санкцияларын енгізген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети