Солтүстік Кореядағы баллистикалық зымырандарды сынаудың жай-жапсары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Кореядағы баллистикалық зымырандарды сынаудың жай-жапсары белгілі болды Фото ©REUTERS

15 қыркүйекте Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарды теміржол зымыран кешенінде сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 қыркүйекте Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарды теміржол зымыран кешенінде сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі бұл сынақ "елге қауіп төндіретін кез келген күшке жауап ретінде алғаш рет енгізілген жылжымалы зымыран жүйесін тәжірибе жүзінде растауға бағытталған" деп мәлімдеді.

©REUTERS

Агенттік мәліметінше, зымырандар Жапон теңізінде нысанаға жеткенге дейін 800 шақырым қашықты бағындырған.

©REUTERS

"Теміржол зымыран жүйесі қауіпті күшке бір мезгілде қуатты соққы беруге қабілетті қару ретінде қолданылады", - деп жазды агенттік сынақ жүргізген Солтүстік Кореяның маршалы мен Саяси Бюросы Президиумының мүшесінің сөзін келтіре отырып.

15 қыркүйекте Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снарядты ұшырды деген хабар тарады. Жапон Қорғаныс министрлігі Пхеньянның әрекеті "бүкіл халықаралық қауымдастық үшін, соның ішінде Жапония үшін үлкен проблема" деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети