Партия съезіне қатысып жатқан Солтүстік Кореяның ресми өкілдері алғаш рет маска тағып шықты, - деп хабарлайды Yonhap.
Партия съезіне қатысып жатқан Солтүстік Кореяның ресми өкілдері алғаш рет маска тағып шықты, - деп хабарлайды Yonhap.
Мемлекеттік БАҚ-та партия съезінде маска тағып отырған шенеуніктердің суреті жарияланған. Делегация өкілдері арасында арақашықтық сақталмаған, алайда оның барлығы маска тағып отыр. Әскери іске қатысты консультациялық жиындар шағын бөлмелерде өткен.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды мен мыңдаған адам қатысқан сессияда қатысушылар маскасыз отырған. Дереккөз мәліметінше, неліктен қатысушылар аяқ асты маска тағып отырғаны белгісіз.
Солтүстік Корея негізгі жиындарды маска тақпай-ақ өткізуге шешім қабылдаған болуы мүмкін, себебі ресми шараларда Ким Чен Ын ғана сөз сөйлейді. Ал талқылау белсенді болатын жиындарда шенеуніктер маска тағуы қажет.
Солтүстік Корея елде коронавирус тіркелмегенін айтады, алайда былтырдан бері ел билігі шекараларды жауып, қозғалысқа қатысты қатаң шектеу шараларын қабылдаған. Сондай-ақ қарашада мемлекеттік БАҚ-тар Пхеньян коронавирусқа қарсы дайындық жұмыстарын бастағанын хабарлаған. Одан бөлек, ел билігі карантин режимін бұзған адамды көпшілік алдында өлім жазасына кескен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!