10 наурыз 2022 | 09:07

"Соңғы сәтте шықтық". Украинадан тағы 155 қазақстандық эвакуацияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ©Аида Елемесова

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған төртінші борт Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған төртінші борт Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекеновтің айтуынша, "Эйр Астана" ұшағы Польшаның Катовице қаласынан Нұр-Сұлтан уақытымен 23.05-те ұшып шығып, Нұр-Сұлтан әуежайына шамамен 6.00-де келген. Бортта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби болған.

Жолаушылардың бірі Украинаның Каменское қаласынан табылған.

Реклама
Реклама

"Бұл - бір кездері Нұрсұлтан Назарбаев оқыған, металлургия комбинатында жұмыс істеген жер. Оның бюсті әлі де бар. Қалада кейде әуе дабылы жарияланады, бірақ әлі бомбаланған жоқ. Біз соңғы сәтте шықтық", - деді әйел.

 

 

Фото: ©Аида Елемесова

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі өкілі дипломаттар көмегімен 731 қазақстандық Украинадан эвакуацияланғанын мәлімдегені хабарланған еді. Оның ішінде 662 адам Польша арқылы, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакия арқылы эвакуацияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная