09 наурыз 2022 18:09

Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысты жаңа ақпарат шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/pressmfakz Фото:t.me/pressmfakz

Сыртқы істер министрлігі өкілі дипломаттар көмегімен 731 қазақстандық Украинадан эвакуацияланғанын мәлімдеді. Оның ішінде 662 адам Польша арқылы, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакия арқылы эвакуацияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі өкілі дипломаттар көмегімен 731 қазақстандық Украинадан эвакуацияланғанын мәлімдеді. Оның ішінде 662 адам Польша арқылы, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакия арқылы эвакуацияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:02-де Атыраудан Катовицеге (Польша) 4-эвакуация ұшағы шыққан. Бұған дейін Қазақстанға 432 азамат үш репатриация рейсімен жеткізілгені белгілі.

"Қазір Катовице қаласында 165 қазақстандық бар. Украина-Польша шекарасында ҚР азаматтары жоқ. Львовтағы Құрметті консулдық маңындағы эвакуация нүктесінде 11 адам жиналды, ал Харьковта 7 отандасымыз қалып отыр", - делінген хабарламада.

Украинадағы ҚР елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласындағы ҚР азаматтарының саны - 18. Электр энергиясы мен байланыс үзілуі салдарынан олармен хабарласу мүмкін болмай отырғаны айтылды. Сумы қаласында 2 қазақстандық бар. Бұл азаматтар гуманитарлық дәліздер арқылы эвакуацияланады деп жоспарланып отыр. Ал осы дәліздердің ашылуы Ресей мен Украина тараптары арасында талқыланып жатыр.

Киевтегі жағдай ушығуына байланысты қазақстандық дипломаттар Львовқа уақытша көшірілген. Сонымен қатар, олар ҚР азаматтарына көмек көрсету бойынша әлі де штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. ҚР дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 44-і Украина аумағынан шыққан. Ал қалған 13 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты көмек көрсетіліп жатқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети