Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы сайлауда жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы сайлауда жеңіске жетті

Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комитетінің мәліметіне сілтеме жасап.

Жээнбековтің штабындағылар жеңісті тойлап жатыр. Видео AKIpress news 

Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, бюллетеньдердің 97 пайызы дауыстарды автомат есептеу жүйесі арқылы есептелген. Өз кезегінде кандидат Омурбек Бабановтың штабы қазіргі уақытта "алдын ала автомат сайлау бюллетеньдерін салатын арнайы жәшіктердің есептеушіндегі ережебұзушылықтардың және сәйкессіздіктер туралы барлық дерек жинақталып жатқанын" мәлімдеді.  

Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Омурбек Бабанов 33,8 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Үшінші орында "Бутун Қырғызстан" партиясының басшысы Адахан Мадумаров - 6,47 пайыз дауыс жинаған. 

Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның 234-і Бішкекте.

Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети