Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комитетінің мәліметіне сілтеме жасап.

Жээнбековтің штабындағылар жеңісті тойлап жатыр. Видео AKIpress news
Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, бюллетеньдердің 97 пайызы дауыстарды автомат есептеу жүйесі арқылы есептелген. Өз кезегінде кандидат Омурбек Бабановтың штабы қазіргі уақытта "алдын ала автомат сайлау бюллетеньдерін салатын арнайы жәшіктердің есептеушіндегі ережебұзушылықтардың және сәйкессіздіктер туралы барлық дерек жинақталып жатқанын" мәлімдеді.
Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Омурбек Бабанов 33,8 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Үшінші орында "Бутун Қырғызстан" партиясының басшысы Адахан Мадумаров - 6,47 пайыз дауыс жинаған.
Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның 234-і Бішкекте.
Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.