16 қазан 2017 | 09:05

Сооронбай Жээнбеков Назарбаев туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасымен құрмет ұстанымдарына негізделген қарым-қатынас құратынын атап өтті. Бұл туралы ол елдер арасындағы дипломатиялық келеңсіздіктер туралы сұраққа берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президенттік дода жеңімпазының брифингінен. 


Иконка комментария блок соц сети

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасымен құрмет ұстанымдарына негізделген қарым-қатынас құратынын атап өтті. Бұл туралы ол елдер арасындағы дипломатиялық келеңсіздіктер туралы сұраққа берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президенттік дода жеңімпазының брифингінен. 

"Әрбір мемлекет - егемен мемлекет. Олар бір-біріне құрметпен қарауы керек, сонда ғана мәселелер өздігінен шешіледі. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, біз барлығына да құрметпен қараймыз. Әсіресе көрші елдерге, қарым-қатынасымыз осылай жалғасады", - деді Сооронбай Жээнбеков. 

Tengrinews.kz тілшісінің Қазақстан лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қарым-қатынасы жайлы сұрағына Сооронбай Жээнбеков өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың жалғасатынын мәлімдеді. 

"Ол - біздің көршілес ағайынды елдің президенті. Әріптес мемлекеттерге және ел басшыларына құрметпен қараймыз және осы қарым-қатынасты жалғастырамыз", - деді Жээнбеков.

Қырғызстанның бесінші президенті жақтастарына және қатысы барларға алғыс айтты. "Маған қолдау білдіргеннің барлығына алғыс айтамын. Әсіресе, күн-түн демей, қажырлы еңбек еткен командама ерекше алғыс айтамын. (...) Қарсыластарыма алғыс айтамын. Қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істеп, өзін лайықты көрсете білген қарсыластарыма алғыс білдіремін. Осы жұмыстарыңыз үшін журналистер, сіздерге де алғыс айтамын. Сіздер сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне сеп болдыңыздар. Маған қолдау білдірген халқыма алғыс айтамын. Сайлаудан кейін маған артылған жауапкершілікті сеземін, елімнің, мемлекетімнің алдындағы жауапкершілігім бар. Халқымның сенімін ақтау үшін қолдан келгенді жасаймын. Басты мақсатым - соңғы алты жылда біздің жеткен жетістігіміз көп - тіршілік тынысымыздағы барлық салада дамыдық - осының барлығын сақтап қалу, нығайта түсу, басталғанда аяқтау, алда көптеген реформалар бар, осы реформаларды соңына жеткізу керек. Барлығыңызға көп рақмет, барлығыңызға ризамын", - деді Сооронбай Жээнбеков. 

Кеше социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. 

Жээнбековтің штабындағылар жеңісті тойлап жатыр. Видео AKIpress news 

Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, бюллетеньдердің 97 пайызы дауыстарды автомат есептеу жүйесі арқылы есептелген. Өз кезегінде кандидат Омурбек Бабановтың штабы қазіргі уақытта "алдын ала автомат сайлау бюллетеньдерін салатын арнайы жәшіктердің есептеушіндегі ережебұзушылықтардың және сәйкессіздіктер туралы барлық дерек жинақталып жатқанын" мәлімдеді.  

Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Омурбек Бабанов 33,8 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Үшінші орында "Бутун Қырғызстан" партиясының басшысы Адахан Мадумаров - 6,47 пайыз дауыс жинаған. 

Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның 234-і Бішкекте.

Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети