Президент сайлауында сайлаушылардың шамамен 55 пайыз дауысын жинаған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі мемлекеттік "Ала-Арча" резиденциясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент сайлауында сайлаушылардың шамамен 55 пайыз дауысын жинаған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі мемлекеттік "Ала-Арча" резиденциясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бастапқыда Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан халқына ант берді. Кейінірек оған куәлік, төске тағатын белгі және мемлекет басшысының байрағы берілді. Ресми іс-шарадан Жээнбеков мемлекет басшысының әкімшілігі жұмыс істейтін Ақ үйге барды. Сооронбай Жээнбековті жаңа жұмыс орнына экс-президент Алмазбек Атамбаев өткізді.
Ұлықтау рәсіміне шамамен 450 адам қатысты. Бұл жолы рәсімге шетелдік қонақтар қатыспады. Сондай-ақ, іс-шараға жүзден аса жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысқан. Айта кетейік, ұлықтау рәсіміне шамамен 8 миллион сом (шамамен 120 мың доллар) жұмсалған екен.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасымен құрмет ұстанымдарына негізделген қарым-қатынас құратынын атап өткен еді.
Tengrinews.kz тілшісінің Қазақстан лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қарым-қатынасы жайлы сұрағына Сооронбай Жээнбеков өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың жалғасатынын мәлімдеген болатын. "Ол - біздің көршілес ағайынды елдің президенті. Әріптес мемлекеттерге және ел басшыларына құрметпен қараймыз және осы қарым-қатынасты жалғастырамыз", - деген еді Жээнбеков.
Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.