24 қараша 2017 10:39

Сооронбай Жээнбеков ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сооронбай Жээнбеков Сооронбай Жээнбеков

Президент сайлауында сайлаушылардың шамамен 55 пайыз дауысын жинаған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі мемлекеттік "Ала-Арча" резиденциясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент сайлауында сайлаушылардың шамамен 55 пайыз дауысын жинаған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі мемлекеттік "Ала-Арча" резиденциясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан халқына ант берді. Кейінірек оған куәлік, төске тағатын белгі және мемлекет басшысының байрағы берілді. Ресми іс-шарадан Жээнбеков мемлекет басшысының әкімшілігі жұмыс істейтін Ақ үйге барды. Сооронбай Жээнбековті жаңа жұмыс орнына экс-президент Алмазбек Атамбаев өткізді.

Ұлықтау рәсіміне шамамен 450 адам қатысты. Бұл жолы рәсімге шетелдік қонақтар қатыспады. Сондай-ақ, іс-шараға жүзден аса жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысқан. Айта кетейік, ұлықтау рәсіміне шамамен 8 миллион сом (шамамен 120 мың доллар) жұмсалған екен. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасымен құрмет ұстанымдарына негізделген қарым-қатынас құратынын атап өткен еді. 

Tengrinews.kz тілшісінің Қазақстан лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қарым-қатынасы жайлы сұрағына Сооронбай Жээнбеков өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың жалғасатынын мәлімдеген болатын. "Ол - біздің көршілес ағайынды елдің президенті. Әріптес мемлекеттерге және ел басшыларына құрметпен қараймыз және осы қарым-қатынасты жалғастырамыз", - деген еді Жээнбеков.

Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети