Сот Атамбаевты экс-шенеуніктерге ірі сомада өтемақы төлеп беруге міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Атамбаевты экс-шенеуніктерге ірі сомада өтемақы төлеп беруге міндеттеді Алмазбек Атамбаев. Фото:president.kg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жоғары қызметте болған бұрынғы шенеуніктерге тіл тигізгені үшін оларға өтемақы төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жоғары қызметте болған бұрынғы шенеуніктерге тіл тигізгені үшін оларға өтемақы төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Бішкектің Октябрьский аудандық соты Атамбаевты экс-депутат Ахматбек Келдібеков, бұрынғы бас прокурор Азимбек Бекназаров пен МҰҚК-нің экс-басшысы Кенешбек Дуйшебаевқа намысы мен абыройына нұқсан келтіргені үшін оларға 100 мың сомнан беруге міндетті.

Сондай-ақ, "Апрель" телеарнасының үстінен де сотқа арыз түскен, бірақ одан материалдық шағым алынды. Арызданушылар бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді. Енді Атамбаевтың қорғаушылары соттың шешіміне қатысты жоғарғы инстанцияларға шағымданбақ.

Бұрынғы шенеуніктер Алмазбек Атамбаевтың былтыр қарашада "Апрель" телеарнасына берген сұхбатына наразы болған. Мұнда Атамбаев жоғарыда аталған шенеуніктерге қатысты пікірін айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети