ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2021 | 15:59
Сот комик Идрак Мирзализадені Ресейден шығару жөніндегі бұйрықтың күшін жойды
Мәскеудің Замоскворецкий соты Ішкі істер министрлігінің комик Идрак Мирзализадені Ресейден шығару жөніндегі шешімінің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәскеудің Замоскворецкий соты Ішкі істер министрлігінің комик Идрак Мирзализадені Ресейден шығару жөніндегі шешімінің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Сот Ішкі істер министрлігінің Идрак Мирзализадеге қатысты шешімін заңды күшіне енгенге дейін тоқтатты", - деді әзілкештің адвокаты Сергей Бадамшин.
Осылайша, комик Ресейде қала алады, ал сот оның Ішкі істер министрлігі шешіміне түсірген арызын қарайды.
Айта кетейік, 9 тамызда Мәскеудің Таганск соты Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 20.3.1-бабына ("Жеккөрушілік немесе дұшпандық, сондай-ақ адамның қадір-қасиетін қорлау") сәйкес Мирзализадені 10 күнге әкімшілік қамауға алу туралы жаза тағайындаған. Кейінірек Мәскеу қалалық соты бұл шешім заңды екенін мәлімдеді.
Интернетте таралған видеода Мирзализаде "орыстар мен нәжіс" туралы әзіл айтады. Кейінірек, комик өз сөзін түсіндіріп, видео толық емес екенін, видо әдейі қиылғанын айтты. Таганск сотында істі қарау барысында Мирзализаде халықтан кешірім сұрады, бірақ ұлтаралық араздықты қоздырды деп тағылған айыпты мойындамады.
Әкімшілік істі қозғаған Мәскеу прокуратурасы Мирзализаде "ұлттық негізде бөлінген адамдар тобын тілдік және психологиялық қорлау белгілері, сондай-ақ оның кемшілігін насихаттау" туралы ашық түрде мәлімдеме жасағанын айтты.
Тамыздың аяғында Ішкі істер министрлігі Беларусь азаматына Ресейде тұруға өмір бойына тыйым салды. Департамент комиктің "ұлтаралық қатынастарды қоздыруға бағытталған мәлімдемесін", оларды ұсыну нысанына қарамастан, дұрыс емес деп санайтынын айтты.
Стендап комик Идрак Мирзализаде Ресей Ішкі істер министрлігі шешіміне шағымданған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также