07 қыркүйек 2021 17:53

Ресейде тұруына тыйым салынған стендап комик Идрак Мирзализаде сотқа жүгінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Стендап комик Идрак Мирзализаде Ресей Ішкі істер министрлігі шешіміне шағымданды. Сот стендап комиктің Ресейде тұруына тыйым салып, үкім шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Стендап комик Идрак Мирзализаде Ресей Ішкі істер министрлігі шешіміне шағымданды. Сот стендап комиктің Ресейде тұруына тыйым салып, үкім шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Сотқа Мирзализадедан Ішкі істер министрлігі шешіміне наразылық білдіру туралы талап түсті", - деді сот, оны қарау мерзімі әлі белгіленбеген.

9 тамызда Мәскеудің Таганск соты Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 20.3.1-бабына ("Жеккөрушілік немесе дұшпандық, сондай-ақ адамның қадір-қасиетін қорлау") сәйкес Мирзализадені 10 күнге әкімшілік қамауға алу туралы жаза тағайындаған. Кейінірек Мәскеу қалалық соты бұл шешім заңды екенін мәлімдеді.

Интернетте таралған видеода Мирзализаде "орыстар мен нәжіс" туралы әзіл айтады. Кейінірек, комик өз сөзін түсіндіріп, видео толық емес екенін, видо әдейі қиылғанын айтты. Таганск сотында істі қарау барысында Мирзализаде халықтан кешірім сұрады, бірақ ұлтаралық араздықты қоздырды деп тағылған айыпты мойындамады.

Әкімшілік істі қозғаған Мәскеу прокуратурасы Мирзализаде "ұлттық негізде бөлінген адамдар тобын тілдік және психологиялық қорлау белгілері, сондай-ақ оның кемшілігін насихаттау" туралы ашық түрде мәлімдеме жасағанын айтты.

Тамыздың аяғында Ішкі істер министрлігі Беларусь азаматына Ресейде тұруға өмір бойына тыйым салды. Департамент комиктің "ұлтаралық қатынастарды қоздыруға бағытталған мәлімдемесін", оларды ұсыну нысанына қарамастан, дұрыс емес деп санайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети